Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан Халық Партиясы» атынан ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Смаилов хабарлады.
Бүгін «Мәжіліс сайлауы қорытындысынан кейінгі Қазақстанның саяси-партиялық алаңы: даму бағдары» атты онлайн-конференция өткен болатын. Конференция барысында Ерлан Смаилов сайлау туралы пікір білдірді, партияда орын алған идеологиялық трансформация туралы сөз қозғады.
Қазақстан Халық Партиясында» ребрендинг емес, транформация болды. Біріншісі – идеологиялық трансформация. Партиямыз тап күресінен бас тартты. Бүгінгі таңда біз партияның идеологиялық платформасын құрудамыз. Партияның ішкі жағдайында тұрған басым бағыт – сайлаушыларға тікелей түсіндіріп жеткізе алатындай, мақсаттарымызды айқындап, партиялық біркелкілік орнату. Қазақстандағы саяси жағдай туралы айтатын болсам, пандемияға дейінгі және кейінгі экономикалық кризистің едәуір әсері тиді. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін азайтты. 2020 жылдың соңғы оқиғаларына байланысты салықтың азаюынан Алматы қаласының бюджеті 40 млрд теңгеге қысқарды, - деді ол.
Ол партияда коммунистік емес, социалистік көзқарас басым екенін айтты.
«Қазақстан Халық Партиясын» жақтаушылар санының артуына әкелді. Қоғам әлеуметтік міндеттерді бірінші орынға қоятын мемлекетті қолдайды, яғни әділетті орта, ел ресурстарын әділ бөлу, халық тұрмысын жақсартуға әлі де сұраныс үлкен. Біз коммунистік идеядан бас тартып, жастар мен азаматтық, қалалық ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдерімен партия мүшелерінің санын көбейттік. Қазір республика бойынша 117 918 адам партия құрамында бар. Соның ішінде 18-32 жас аралығындағы жастардың үлесі 31%-ды құрайды. 32-50 жас аралығындағы тұлғалар дауыс берушілердің 27%-ын алса, қалған 42%-ды 50 жастан жоғары адамдар құрап отыр, - деп атап өтті ол.
Өткен жылдың қараша айында орын алған трансформациядан кейін «Қазақстан Халық Партиясына» 12 401 адам тіркелген. Оның 4837-і жастар. 6440 жаңа партия мүшесі - 32-50 жас аралығындағы тұлғалар.
Сайлауда Алматы қаласы бойынша 13% дауыс берілді. Бүл – белсенді жұмыс пен трансформация нәтижесі. Біз Мәжіліс құрамында партия атынан депутаттар санын 7-ден 10-ға көбейттік. 58 Мәслихатта «Қазақстан Халық Партиясы» депутаттары жұмыс істейді. «Қазақстан Халық Партиясы» алдында нақты идеологиялық платформаны анықтап, 2901 партиялық ұйымды белсенді, соңғы форматтарға сай ұйымдастыру міндеті тұр. Мәжілісте зейнеткерлік жасты төмендету, халық жалақысын жоғарылату, әлеуметтік инфақұрылымды жақсарту сынды міндеттер қойылған. Сайлау алды науқанда қойылған мақсат-міндеттерді біз дәл қазіргі уақытқа сай нақтылау үстіндеміз, - деді депутат.