Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңесте қандай мәселе қаралғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі парақшасында жазды.
Бауыржан Байбектің сөзіне қарағанда «Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI Съезінің келесі күн тәртібі бекітілді:
1. Партия Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.