Партия нақты жүйелі жұмыс атқаруы тиіс. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Respublica партиясының өкілі Сырымбек Тау «Ақжолдың басшысының отырғанына 7 жылдан асып кеткенін және құрамның мүлдем өзгермейтінін айтты.
Дүйсенбинов бұл сұраққа:
Қытайда қамалған қазақтарға ең бірінші болып араша түскен біздің партия. Тек соңғы екі жылдың ішінде Азат Перуашев заңға 500-дей түзету енгізді. Кәсіпкерлік кодекстің авторы да біздің партия. Біз партиядағы адамды ауыстыру керек екен деп жол жөнекей адамды термейміз. Партия – әлеуметтік желідегі әдемі сурет емес, жүйелі жұмыс, – деді Ақжол партиясы төрағасының орынбасары.