Parmigiano Group компаниясының басшысы 7 жылға сотталды

5 Шілде 2022, 12:53
1028
Бөлісу:
Parmigiano Group компаниясының басшысы 7 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Parmigiano Group компаниясының басшысы Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды. 

Бұл туралы Алматы қалалық сот баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты элиталық Esentai City Тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлікті сатып алушыға тиесілі 418 640 000 теңгені меншіктеп алу ісі бойынша үкім шығарды.

Алмас Әбдіғаппаров сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салғаны үшін айыпты деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда 7 жыл өтейді. Сондай-ақ оған қаржылық ұйымдарда 5 жыл бойы басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынады,- деп хабарлады соттан.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Parmigiano Group компаниясының директоры Алмас Әбдіғаппаров былтыр шілде айында қамауға алынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы