Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Парламенттің өкілеттігі қалай кеңейді?

Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Астанада Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына арналған Еуразиялық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум барысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева қазіргі қазақстандық парламентаризмнің даму жолына тоқталды. Оның айтуынша, бұл кезең кәсіби Парламенттің қалыптасуы мен заң шығарушы билік беделін жүйелі түрде нығайтумен ерекшеленеді.

Парламент ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси бағдарын жүзеге асырудағы сенімді тірекке айналды деуге толық негіз бар. Парламенттің қазіргі моделі өзін мемлекеттік биліктің тұрақты элементі ретінде танытты, – деді Дания Еспаева.

Оның сөзінше, қалыптасқан тепе-теңдік Парламенттің Үкіметпен және өңірлермен сындарлы өзара іс-қимылына жол ашты. Осы жылдар ішінде депутаттық корпус негізгі саяси реформаларды бекітетін заңнамалық базаны жетілдіріп, дамытуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар Парламент алаңы ел дамуының басты бағыттары талқыланатын маңызды платформаға айналды.

Отыз жыл ішінде Парламент қабырғасында қоғам алдындағы сенім мен жауапкершілікке негізделген айрықша саяси мәдениет қалыптасты. Әрбір жаңа сайланым елдің саяси жүйесі дамуының келесі кезеңін көрсете білді, – деп атап өтті Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Дания Еспаеваның айтуынша, 2022 жылғы конституциялық реформа қазақстандық парламентаризмнің жаңа кезеңін айқындады. Парламент өкілеттігін күшейту, Үкіметті қалыптастыруға қатысу және парламенттік бақылауды кеңейту шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыратын нақты тетіктерге айналды.

Конституциялық жаңалықтар Мәжілістің парламенттік бақылауының жаңа құралын – Жоғары аудиторлық палата төрағасының Үкімет қызметінің аса маңызды бағыттары бойынша есеп беру міндетін бекітті, – деді ол.

Сондай-ақ спикер биыл қабылданған Бюджет кодексінде бюджет процесіне, атап айтқанда үш жылдық республикалық бюджетті қарау кезінде парламенттік бақылау тетіктері кеңейтілгенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы