Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлық сайлау учаскелерінен алынған дауыстарды санағаннан кейін парламенттік сайлауда Никол Пашинянның «Азаматтық келісімшарт» партиясы 53,92%-бен жеңіске жетті, экс-президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы 21,04% дауыс жинаған.
Армения халқы біздің «Азаматтық келісім» партиямызға және маған, премьер-министр ретінде елімізді басқаруға мандат берді, – деді Никол Пашинян нәтижелер жарияланған соң.
Алайда «Армения» альянсын басқаратын экс-президент Роберт Кочарян сайлау нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді.
Арменияда парламенттік сайлау 20 маусымда өтті, оған 21 партия мен төрт блок қатысты.