Парламент жаңа үшжылдық бюджетті қабылдады

28 Қараша 2019, 16:42
4044
Бөлісу:
Парламент жаңа үшжылдық бюджетті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына Сенат енгізген түзетулермен келісті. 

ҚР Парламент Сенаты 44 түзету енгізген. Оның ішінде үш түзету республикалық бюджеттің шығыс бөлігін қайта бөлуге қатысты заң жобасының мәтініне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты. 41 түзету 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігін қайта бөлуді көздейді. 
Қаражатты қайта бөлудің есебінен шығыстар 2020 жылы – 15 млрд теңгеге, 2021 жылы – 17,6 млрд теңгеге, 2022 жылы – 8,1 млрд теңгеге, оның ішінде 2020 жылға арналған әлеуметтік блогы бойынша – 1,9 млрд теңгеге, 2020-2022 жылдарға 100,2 млн теңгеден; 2020 жылға арналған нақты сектор бойынша – 11,9 млрд теңгеге, 2021 жылы – 16,4 млрд теңгеге, 2022 жылы – 6,5 млрд теңгеге; 2020 жылға арналған құқық қорғау құрылымдары бойынша – 1 млрд теңге, 2021 жылы – 1,1 млрд теңгеге, 2022 жылы – 1,6 млрд теңгеге; 2020 жылға арналған басқа да бағыттар бойынша – 298,6 млн теңгеге ұлғайтылды. Үкімет резерві 2020 жылы 15 млрд теңгеге азайтылып, ол жоғарыда көрсетілген шығыстарды ұлғайту көзіне айналып отыр, - деді Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев. 

Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстары үшжылдық кезеңде – 20 трлн теңгені, оның ішінде 2020 жылы 6 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 46,4% құрайды. Үшжылдық кезеңде экономика салаларын қолдауға және дамытуға – 4,7 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 2 трлн теңге немесе республикалық бюджеттің жалпы шығысының 15,6% құрады.
Сенат енгізген түзетулер 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Осыны ескере отырып Қаржы және бюджет комитеті Мәжіліске Сенаттың өзгертулері мен толықтыруларымен келісуге болады деп есептейді, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы