Парламент Үкіметтің есебін ескертулермен қабылдады

21 Маусым 2024, 12:55
827
Бөлісу:
Парламент Үкіметтің есебін ескертулермен қабылдады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенаттан қатысып отырған 49 депутаттың 48-і есепті жақтаса, бір депутат қалыс қалды. 

Мәжілістен қатысып отырған 94 депутат. Жақтағандар – 73 депутат, қалыс қалғаны – 7, қарсы – 14. Сонымен көпшілік дауыспен қаулы қабылданды. Шешім қабылданды, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, Үкіметтің есебін “Ақ жол” фракциясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қолдамады. Ал “Ауыл”, Respublika, AMANAT және Қазақстан халық партиялары есепті ескертулермен бекітті.

Өзгелердің жаңалығы