Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысы басталды.
Отырысқа Сенаттың 46 депутаты, Мәжілістің 98 депутаты қатысып отыр.
Бүгінгі бірлескен отырысқа Премьер-министр, Конституциялық сот өкілдері, Президент әкімшілігі, Парламент палаталары аппартының жауапты қызметкерлері қатысып отыр, - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібінде Үкімет пен Есеп комитетінің 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау тұр. Есеп бұған дейін Мәжілісте қаралған болатын.
15 маусымда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палаталардың бірлескен отырысын өткізу туралы шақырды.
2021 жылы республикалық бюджет шығысын таза кіріспен қамтамасыз ету 50 пайыз болды.
Өткен жылы елімізде 1000-нан астам жаңа жоба іске қосылды. Есеп комитетінің мәліметінше, өткен жылы 64 жоба жоспар бойынша аяқталмаған.
Жоғары аудит органы аталған Қорытындылардың аясында жыл сайын Үкіметке мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігін арттыру және елдегі қаржы тәртібін нығайту жөнінде ұсынымдар береді.
Ұсыныстарымыздың көпшілігі іс жүзінде орындалып жатыр. Өткен жылғы ұсынымдардың шамамен 65%-ы іске асырылып қойды немесе белсенді жұмыстар жасалуда.