Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатыны белгілі болды

18 Қаңтар 2024, 11:13
687
Бөлісу:
Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатыны белгілі болды
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселелер қаралатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, БҰҰ аясында Қазақстан Республикасының бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі көтеріледі.

Парламенттің құзыретінде Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі, Қазақстанның алған міндеттемелері аясында бейбіт миссияларды орындау үшін президенттен тиісті ұсыныс болса, бұл тақырып Парламенттің бірлескен отырысына шығарылады. Сондықтан ертеңгі отырыста осы мәселе қаралмақ, - деді сенатор Ақмарал Әлназарова.

Сенатор нақты қай елге баратынын айта алмайтынын жеткізді.

Негізінде, бұл бұрыннан бар тәжірибе. Қазақстан осыған дейін бітімгершілік күштерін жіберген, сондықтан бұл жұмыс жоспарлы түрде іске асырылады, - деді Ақмарал Әлназарова.

Өзгелердің жаңалығы