Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң не өзгереді?

15 Желтоқсан 2022, 13:19
2560
Бөлісу:
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң не өзгереді?
Фото: автордан

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, 19 желтоқсанға жоспарланып отырған Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Парламенттің жаңа регламентін қабылдау мәселесі алға қойылған. 

Айта кетерлігі, бұл отырыста сайлауға қатысты мәселелер қаралмайды. Референдумда Конституцияға өзгерістер енгізілгенін білесіздер. Бұл Мәжіліс пен Сенат арасындағы қатынастарды реттейді. Енді осы процестерді оңтайландырамыз. Заңдарды қарау процесі де жеделдетіледі. Осыған байланысты регламент өзгеруі керек, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылып, оған Сенат пен Мәжілістің депутаттары мүше болған. 

Осы құжатты қабылдау нәтижесінде Парламент жұмысына өзгерістер енгізіледі. Мәселелер Паламент палатарының күн тәрбіне шығарылады. Құжатты қабылдау арқылы біз ішкі процедураларымызды Конституциялық реформаға сәйкестендіреміз. Кейін Мәжіліс заңдарды қабылдап, Сенат мақұлдайды, - деп түсіндірді Сенат спикері. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы Өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы