Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Бірлескен отырысқа Сенаттан 46 депутат, Мәжілістен 103 депутат қатысты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес мүшелері, Президент әкімшілігі мен Үкімет мүшелері қатысып жатыр.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысуы үшін ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік контингенттік жіберу туралы ұсынысы қаралады. Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасына сәйкес, Пезиденттің ұсынысы бойынша Парламент палаталарының бірлеске отырысында халықаралық міндеттемелерді орындау үшін республиканың Қарулы күштерін пайдалану туралы ұсыныс қабылдайды, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Қошанов Мемлекет басшысының ұсынысын Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтып беретінін айтты.