Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сай Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді.
Өкім мәтінінде бірлескен отырысты белгіленген уақытта өткізу тапсырылғаны атап өтілген.