Париждегі Олимпиада қалашығында бокстан Самоа құрамасының бапкері қайтыс болды

28 Шілде 2024, 04:11
593
Бөлісу:
Париждегі Олимпиада қалашығында бокстан Самоа құрамасының бапкері қайтыс болды
Фото: @SamoaSASNOC

Париждегі Олимпиада қалашығында бокстан Самоа құрамасының бапкері Лионель Элик 60 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Fox News таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 26 шілдеде болған. Дәрігерлер Эликке қажетті шұғыл көмек көрсеткенімен оны құтқарып қала алмады. Өлімге жүрек талмасы себеп болғаны айтылуда.

Халықаралық бокс қауымдастығы бапкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы