Парижде сайлау аяқталған соң полициямен қақтығыс басталды

8 Шілде 2024, 05:23
421
Бөлісу:
Парижде сайлау аяқталған соң полициямен қақтығыс басталды
Фото: bbc.com

Полиция қызметкерлері түнде ел парламентіне сайлау аяқталған соң тәртіпсіздік пен бүлік шығарған 25 белсендіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Le Figaro басылымы наразылыққа шыққандар көшелерге бөгет қойып, өрт тұтатып, жандармдарға фейерверк атқан.

Полиция қызметкерлерінің жасағы көшелерді жауып, бүлікшілерге көзден жас шығаратын газ атқылауға мәжбүр болған.

Реннде жарияланбаған және тыйым салынған жиын кезінде 25 адам ұсталды, - делінген полицияның мәліметінде.

Сент-Анн алаңында антифашистік ұрандар айтылғаны белгілі болды.

Бұған дейін елде парламент сайлауы аяқталып, саяси науқанның нәтижесінде президенттің коалициясы екінші орынды иеленгені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы