Парижде ереуілшілер полицейді өртеп жіберді

3 Мамыр 2023, 15:20
657
Бөлісу:
Парижде ереуілшілер полицейді өртеп жіберді
Фото: www.tvc.ru

Парижде жүгенсіз ереуілшілер полицейді өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. 

Көшеге шыққан шерушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бензин құйылған бөтелке лақтырған. Соның салдарынан бір офицерді қатты күйік шалды. Өз кезегінде полицейлер ашуға булыққан топтың бұл әрекетіне қарсы көз жасаурататын газ қолданды. 

Францияда болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер бірнеше қалада тіркелді. 

Наразылар автокөліктерді өртеп, аялдамаларды қиратты. Мұның бәріне зейнетақы жасының 62-ден 64-ке ұлғайтуға бағытталған реформа себеп болды.

Өзгелердің жаңалығы