Парижде динозаврдың қаңқасы 3 млн еуроға сатылды

15 Қазан 2020, 07:50
1647
Бөлісу:
Парижде динозаврдың қаңқасы 3 млн еуроға сатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде динозаврдың қаңқасы аукционға қойылып, 3 миллион еуроға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастапқы бағадан екі есеге көп. Сүйегінің 70%-ы сақталған қаңқаның биіктігі үш метрден асады, ұзындығы шамамен 10 метр. Ал қаңқасының жасы 150 миллион жылдай.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта динозавр сүйектеріне деген қызығушылық арта бастаған. Оны өткен аптада Нью-Йорктегі Christie's аукционында орнатылған рекордтан да аңғаруға болады.
 
Телефон арқылы өткен сауда кезінде Стэн есімді тираннозавр 32 миллион долларға сатылып кетті.

Өзгелердің жаңалығы