Париж Құдай Ана соборының өртену себебі анықталды

19 Сәуір 2019, 18:39
5008
Бөлісу:
Париж Құдай Ана соборының өртену себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж қаласының тергеушілерінің мәлімдеуінше, Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт тоқтың тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.

Алайда, мамандардың айтуынша, от қасақана қойылмаған.

Қазір мамандар қауіпсіздікке байланысты ғимараттың ішін жан-жақты тексеруді бастай алмай отыр. Сондықтан шіркеу қызметкерлері және жөндеу жұмыстарымен айналысқан адамдардан жауап алумен ғана шектелуде.

Еске сала кетейік, Париждегі әйгілі шіркеу жексенбі күні кешкісін өртке оранды. Жалыннан ғимарат шатырының көп бөлігі жанып кетті.

Бұған дейін Париж Құдай Ана соборын қайта қалпына келтіру үшін қажетті сома белгілі болғаны туралы хабарлағанбыз.


Өзгелердің жаңалығы