Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Париж полициясы фейерверк үшін 40 адамды ұстады

Бүгiн, 20:16
196
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Париж полициясы Эйфель мұнарасына қарсы орналасқан Трокадеро алаңында, сондай-ақ Сена жағалауында фейерверк пен түтін шашкаларын заңсыз пайдаланған 40 адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары тыйым салынған аумақтарда пиротехниканың іске қосылғанын бейнебақылау камераларынан жүргізілген тікелей бақылау арқылы анықтаған.

Оқиға жаңа жыл мерекелері қарсаңында Франция астанасының орталығында қауіпсіздік шаралары күшейтілген кезеңде тіркелді.

Еске салайық, Германияда жаңа жыл түні жеке тұлғалардың фейерверк қолдануына тыйым салу мүмкіндігіне қатысты пікірталас күшейген. Бұған медицина қауымдастығының жедел жәрдем бөлімшелеріне түсетін салмақтың артуы мен жарақат алу деректерінің көбеюін алға тартқан үндеуі себеп болды. Ал пиротехника саласының өкілдері мәселе заңды түрде сатылатын салюттерде емес екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы