Париж Паралимпиадасы: Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды

Бөлісу:
Париж Паралимпиадасы: Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан командасының мүшесі Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды.

Бұл – қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі!

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі.

Айта кетейік, Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы