Париж Олимпиадасына 100 күн қалды

17 Сәуір 2024, 15:35
690
Бөлісу:
Париж Олимпиадасына 100 күн қалды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына 100 күн қалуына орай "QAZAQ OLYMPYC STYLE" көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Париж Олимпиадасына 100 күн қалды

Абу-Даби Плаза көп функционалды кешені мен "Creative&Innovation Institute" Орталық Азияның тұрақты даму қоғамдық қоры және Олимпиада ойындарына дайындық штабымен бірлесе отырып, "Qazaq Olympic Style – өткеннен болашаққа" көрмесін ұйымдастырды.

Париж Олимпиадасына 100 күн қалды
Париж Олимпиадасына 100 күн қалды

Көрмеде қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000 ж ) Ольга Шишигинаның финалда киіп шыққан спорттық аяқ киімі мен "Лондон - 2012" Олимпиадасының чемпионы, "Бейжің-2008" және "Рио - 2016" Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Рыпакованың спорттық киімін көруге болады.

Париж Олимпиадасына 100 күн қалды
Париж Олимпиадасына 100 күн қалды

Осы көрмені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Бүгін ерекше күн. Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды. Осы орайда таңертең елордада жүгіруден марафон болды. Спортшыларымызға осылай қолдау көрсетіліп жатыр, - деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Париж Олимпиадасына 100 күн қалды

Көрме Олимпиада ойындары басталғанға дейін тұрады. Айта кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Париж Олимпиадасына 100 күн қалды

Еліміздің имиджі үшін де спортшыларымыздың киген киімі өте маңызды. Сондықтан да әлемдік додаларда олардың жарқырап шыққанын қалаймыз. Біздің елдің киім үлгісін көргенде мәдениетіміз бен тарихымыз айқындалады. Олимпиада жолдамасын жеңіп алған спортшыларды қолдайық. Сондай-ақ Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен мақтанып жүре берейік, - деді ұйымдастырушы Ирина Харитонова.

Париж Олимпиадасына 100 күн қалды
Париж Олимпиадасына 100 күн қалды
Өзгелердің жаңалығы