Париж – 2024: Жазғы Олимпиада ойындарында 19 комментатор қызмет көрсетеді

Бүгiн, 08:45
196
Бөлісу:
Париж – 2024: Жазғы Олимпиада ойындарында 19 комментатор қызмет көрсетеді
VIDEO
Фото: ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындардың ашылу салтанаты ертең, 26 шілде күні сағат 22:25-те тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада ел намысын спорттың 25 түрінен 80 спортшы қорғайды. Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының арнайы түсірілім тобы жұмыс істейді.

Сонымен бірге «Qazaqstan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Париж 2024» студиялық бағдарламасы эфирге шығады.

Екі арна эфирінде 19 комментатор жұмыс істейді. Олар: Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Шалқар Естен, Ғалым Сүлейменов, Ерсін Ерікұлы, Азат Смағұлов, Лилиана Әлжанова, Исатай Мәдиев, Олжас Байбосынов, Уәлихан Қосанбай, Жандос Қонысбаев, Сергей Райлян, Әділет Құсайынов, Тимур Сүлейменов, Александр Олейник, Дмитрий Нестеренко, Эльдар Аманбаев, Арман Абдрахманов, Ербол Қайыров.

Ашылу салтанатын «Qazaqstan» арнасында Есей Жеңісұлы мен Руслан Бақытжан, «Qazsport» арнасында Уәлихан Қосанбай мен Сергей Райлян жүргізеді.

Сондай-ақ ойындарды ел аумағында qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv», Birge.TV мобильді қосымшалары арқылы онлайн тамашалауға болады.

Өзгелердің жаңалығы