Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсуде.
Қазақстандық садақшылардың нәтижесі төмендегідей:
Ильфат Абдуллин - 29 орын;
Дәулеткелдi Жаңбырбай - 22 орын;
Александр Еременко - 59 орын.
Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласуда.
Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.