Париж – 2024: Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі

Бөлісу:
Париж – 2024: Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі
Фото: скрин

Дәл қазір Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде жалауын желбіретті. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында 205 елдің 10 500 спортшысы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олардың қатарында 79 отандасымыз бар.

Бүгін – төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасы. Бірер сағаттан кейін Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталады. Тарихи сәтті «Qazaqstan», «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде. Қазір Францияда дайындық қызған. Полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалап жүр. Дүбірлі додаға келген спортшылар қайықтарға отырып, Сена өзенімен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы