Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Париж-2024: Елдос Сметов алтынға таласады

27 Шілде 2024, 20:18
1017
Бөлісу:

Отандасымыз испан спортшысы Франциско Гарригосты жеңіп, Олимпиада финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты (Испания) қосымша уақытта (golden score) ұтты.

Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.

Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі.

Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.

Өзгелердің жаңалығы