Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

28 Шілде 2024, 07:10
2445
Бөлісу:
Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

28 шілдеде (жексенбі) спорттың 8 түрінен 14 спортшы жарысқа шығады (бадминтон, академиялық ескек есу, нысана көздеу, дзюдо, семсерлесу, теннис, үстел теннисі, бокс), деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Дзюдода (Ғ.Қырғызбаев – 66 кг), семсерлесуде (жекелей сын) (В. Шарлаимов, Р. Құрбанов, Э. Әлімжанов) медальдар ойналады.

Қалған 6 спорт түрі бойынша іріктеу кезеңі жүреді.

Осылайша, 28 шілдеде Қазақстан құрамасы спорттың 2 түрі бойынша бақ сынап, 2 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Дзюдо

Ғ. Қырғызбаев "С" тобында. Бірінші жекпе-жекте, 1/16 финалда, қарсыласы Дэвид Гарсия Торне (Испания, Еуропаның күміс жүлдегері 2023), алты рет кездесіп, үш рет Ғұсман жеңіске жеткен.

Семсерлесу

В. Шарлаимов 1/32 финалда Х.Саннермен (ОАР), Р. Құрбанов 1/16 финалда Х. Элкордпен (Марокко), Э. Әлімжанов Л. Миддлтонмен (Франция) сынға түседі.

Бадминтон

Д. Панарин "D" тобында К.Нишимотомен (Жапония) кездеседі, К. Нишимото 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Нысана көздеу

А. Алтухова мен А.Ле 10 м пневматикалық мылтық (әйелдер), И. Сәтбаев 10 м пневматикалық мылтық (ерлер) іріктеу сынына қатысады.

Академиялық есу

В. Яковлев 27 шілдеде іріктеуде 5-ші орынға ие болды, енді жұбаныш жарысында өнер көрсетеді, онда ол 1-2-ші орынға ие болуы керек, бұл оған жартылай финал мен финалға қатысуға мүмкіндік береді.

Бокс

Тұңғыш рет 3 спортшы шығады: 1/8 финалда бірінші болып А.Оралбай О. Олаореге (Нигерия) қарсы шығады. Одан соң 1/16 финалда А. Шымбергенов З. Еашашпен (Иордания)жұдырықтасады, Асланбек осыған дейін З.Еашашты екі рет жеңген. Үшінші, 1/16 финалда Н.Қызайбай мен Г. Соррентино (Италия) кездеседі. Назымның қарсыласы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2022), Еуропа ойындарының қола жүлдегері (2023).

Теннис

А. Шевченконың қарсыласы Я. Менсик (Чехия) –18 жаста, әлемнің 81 ракеткасы.

Өзгелердің жаңалығы