Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 20-23 ақпан аралығында Манчестерде пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы өтті.
Оған әлемнің 25 мемлекетінен 120-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының намысын Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының 6 спортшысы қорғады. Олар жалпы 5 медаль ұтып алды: 3 – "алтын" және 2 – "күміс".
Гүлім Құрманбаева (45 кг дейін) – ересектер арасында "алтын";
Ерболат Кәрібай (49 кг дейін) – юниорлар арасынла "күміс";
Захар Буймов (54 кг дейін) – юниорлар арасынла "алтын", ересектер арасында "күміс";
Максим Тен (59 кг дейін) – юниорлар арасында "алтын".
Келесі кезекте Паралимпиадаға лицензия ойнатылатын пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы (Fazza-11) "Токио жолы 2020". Жарыс сәуір айында Дубайда өтеді.