73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Ерғали Шамей финалдық белдесуде неміс спортшысы Сасс Леннартті 1:0 ұпайымен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмарал Науатбек алтын медальды қанжығасына байлаған болатын.
Парадзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 11 қарашаға дейін жалғасады.
Жарыста 41 мемлекеттен 300 ден астам спортшы сынға түсуде. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды.