Әнуар Ахметов пара жүзуден алтын медаль алды

24 Қараша 2019, 09:44
3190
Бөлісу:
Әнуар Ахметов пара жүзуден алтын медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Польшада пара жүзуден қысқы ашық чемпионат өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшы Әнуар Ахметов 50 метр қашықтықта брасс стилінде алтын медаль алды.

WhatsApp Image 2019-11-24 at 09.33.05.jpeg

Әнуар Ахметов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі. 

2014 жылғы Пара Азия ойындарында жүзуден үш дүркін чемпион атанды, екі мәрте Азия рекордын жаңартты. 

Польшада өткен Қысқы ашық чемпионаттағы Әнуар Ахметовтың жетістіктері:

1. 50 м брасс – 1 орын; 
2. 100 м брасс – 2 орын; 
3. 50 м еркін жүзу стилі – 14 орын.  

100 м брасспен жүзу қашықтықта Токио-2020 Паралимпиада ойындарының А нормативін орындады.

Сонымен қатар, әлемдік додаға Қазақстан атынан Дмитрий Ли мен Айбек Искра қатысып жатыр.

Польша қысқы ашық чемпионатындағы Дмитрий Лидің жетістіктері:

1. 100 м еркін жүзу стилі – 9 орын; 
2. 100 м арқамен жүзу – 10 орын; 
3. 50 м еркін жүзу стилі – 12 орын; 
4. 400 м еркін жүзу стилі – 5 орын.

Айбек Искраның жетістіктері:

1. 100 м арқамен жүзу – 15 орын; 
2. 100 м брасс – 4 орын; 
3. 50 м еркін жүзу стилі – 20 орын; 
4. 100 м баттерфляй – 17 орын. 

Ол 100 м брасспен жүзу қашықтықта Токио-2020 Паралимпиада ойындарының В нормативін орындады. 

Бірақ Дмитрий мен Айбек бүгін де жарысқа шығады. Бұл тек осы уақытқа дейінгі нәтиже.

Өзгелердің жаңалығы