Бүгін денсаулығына байланысты үйлерінде отырған мүмкіндігі шектеулі Астана қаласының спортшылары да таңдау жасауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
№88 сайлау учаскесінде тіркелген Астана қаласының спортшысы, пара каратэден Әлем Чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Дидар дауысты өз үйінде берді.
Спортшының дауыс беру процессі үй жағдайында ұйымдастырылып, бюллетендер оның тұрғылықты мекен-жайына жеткізілді.
Дүбірлі додаларда еліміздің көк байрағын биікке көтеріп жүрген жерлесіміз ел игілігі жолындағы барлық маңызды саяси шараларға белсене араласып келе жатқанын айтады. Сондай-ақ спортшы дене мүмкіндігінің шектеулігі өз мемлекетінің болашағы үшін дауыс беруге кедергі келтірмейтіндігі туралы да атап өтті.
Қазақстан жастардың қолында деп сенемін. Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Елдің болашағы үшін бүгін менде өз үйімде дауыс бердім. Мен үшін сайлауға қатысу және дауыс беру-бұл бақыт. Осылай бізді елеп ескеріп дауыс беру парағын үйімізге жеткізіп, жағдайымызды жасап жатқан Астана қаласының әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін. Жұртымыз аман болсын,- деді пара каратэден Әлем Чемпионы Дидар Мұхамеджанов.
Осыған дейін бір де бір сайлаудан тыс қалмаған жерлесіміз осылайша өз таңдауын өз үйінде жасады.