Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек қуанышты жаңалығымен бөлісті

Кеше, 08:07
1571
Бөлісу:
Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек қуанышты жаңалығымен бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

Пара дзюдодан Париж-2024 XVII жазғы паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекке ерекше спорттық мәртебе берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді Ақмарал Науатбек алдағы 4 жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимоно киіп күреседі. Спортшы сүйінші жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жаңа кимоносының суретін көрсетті.

Айта кетейік, пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж паралимпиадасынан алтын медаль алып, пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған.

Өзгелердің жаңалығы