Пара беру арқылы жеке басының мәселесін шешкеніне мақтанатындар да кездеседі – Ахметжанов

9 Шілде 2021, 11:08
2599
Бөлісу:
Пара беру арқылы жеке басының мәселесін шешкеніне мақтанатындар да кездеседі – Ахметжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

Өкінішке қарай, қол ақысын беру, сый-сыяпат беру халықтың қанына сіңіп кеткен. Тіпті, пара беру арқылы жеке басының мәселесін шешкеніне мақтанатындар да кездеседі. Оның қылмыс екенін толық түсінбейді. Сондықтан сана-сезім өзгермесе, пәрмендік заңдар мен қатаң жазалау нәтиже бермейді. Парақорлық қоғамда жағымсыз қылмысқа айналмағанша, көп амал бекер болмақ, - деді Ахметжанов.

Ол жемқорлықпен күрес үш бағытта жүргізілетінін айтты.

Бірінші - өзінің жеке пайдасын мемлекеттің мүддесінен жоғары қоятын нағыз жемқорларды әділ жазалау. Екінші - халықты жұмылдыра отырып, жемқорлықтан жиренетін сана-сезім қалыптастыру. Үшінші – жемқорлыққа жол беретін себептерді жою. Бұл туралы Президент те айтты, - деді ол.

Марат Ахметжанов насихат пен заң да жұмыс істейтінін айтты.

Алайда жемқорлық саны күн сайын көбейіп келеді. Қағазбастылықты жоймағанша, бұл жалғаса береді. Бұл - халыққа өз мәселесін шешудің ең оңтайлы жолы. Сондықтан цифрландыруды күшейту керек, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы