Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментімен «Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы Р. Бектаев және осы мекеменің бөлім басшысы Т. Тасболат, сондай-ақ «Сұңқар Building» ЖШС басшысының орынбасары А. Ботановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды», - делінген таратылған хабарламада.
Лауазымды тұлғалар «KazGeoStandart» ЖШС-ның ізденіс жұмыстарын жүргізуге лицензия беруі үшін А. Ботанов арқылы 380 мың теңге сомасындағы пара алған.
Бектаев, сондай-ақ бағыныштылардан сыйлықақы төлемдерін жинауды іске асырған, үлестес тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысқан.
«2019 жылғы 7 маусымда Түркістан қаласының сот үкімімен Бектаев және Тасболат сыбайлас жемқорлық жасауда кінәлі деп танылып, 13,3 млн теңге айыппұлға тартылды, Ботанов парақорлықта делдал болуда кінәлі деп танылып, 1,9 млн теңге айыппұлға тартылды», - деп хабарлады Ұлттық бюрода.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкім заңды күшіне енген күннен бастап 2 ай ішінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі.
Сотталғандарға ауыр қылмыс үшін айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.