Алматы, BAQ.KZ. Алматыда пара алды деген күдікпен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры Нұрлан Турдалин қамауға алынды.
Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Турдалин ҚР ҚК 366-бабының 2-ші тармағы, «Көлемді мөлшерде пара алу немесе заңсыз әрекет жасау» бойынша айыпталуда. Оны екі айға қамаған.
Нұрлан Турдалин Орталық қалалық аурухананы 2017 жылдың басынан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол Қалалық ревматологиялық орталықтың директоры қызметін атқарған.
Айыпталушы өзінің қызметтік өтілін Ақтөбе облысындағы аудандық ауруханадан бастаған. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының диагностика бөлімшесінде қызмет еткен. Сонымен қатар, әр жылдары медициналық мекемелерге басшылық еткен.