Экс-шенеунік алған парасын қайтарып беру кезінде ұсталды

22 Қазан 2019, 16:10
3313
Бөлісу:
Экс-шенеунік алған парасын қайтарып беру кезінде ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Бәйдібек ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ сектор меңгерушісіне қатысты оның әкімдіктің "Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы лауазымын атқарған мерзімінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Аталған лауазымды тұлға 2019 жылдың қыркүйек айында жайылым үшін жер учаскесін бөлгені үшін азаматтан бұрын алынған 400 мың теңге мөлшерінде параны қайтару кезінде әшкереленген. Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Өзгелердің жаңалығы