Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға АПВ вакцинациясы, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 114,4 мыңнан астам қыз егілді, оның ішінде 11 жаста – 64,1 мың, 12-13 жаста – 50,3 мың вакцинацияланған иммундаудан кейін жайсыз жағдай тіркелмеген,-деді ол.
Сондай-ақ балалар арасындағы қызылша ауры бойынша 64 жағдай тіркелген. Ал көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Жыл басына бері көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелген.
Айта кетейік, елімізде тұмауға қарсы 2,3 млн адам екпе алғаны туралы осыған дейін жаздық. Жыл басынан бері коронавирустық инфекциялардың 51 жағдайы тіркелді.