Пандемияның шарықтау шегінен өттік - Тоқаев

27 Мамыр 2020, 12:25
7896
Бөлісу:
Пандемияның шарықтау шегінен өттік - Тоқаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент бүгінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы пандемияға байланысты ерекше жағдайда өтіп отырғанын айта келе, еліміз пандемияның шарықтау шегінен өткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл індет өте қауіпті. Батпандап кіреді, мысқылдап шығады. 

Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзін қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті. Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ, - деді президент.
Сондай-ақ, ол пандемия еліміз үшін де үлкен сынақ болып отырғанын жеткізді. 
Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін, - деді ол. 

Сөз арасында ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына тоқталып, осы аралыққа дейін нақты істер атқарылғанны айтты.

Құрметті жиынға қатысушылар, бүгінгі жиынға дейін атқарылған жұмысымыздың нақты нәтижесі бар. Бірер күн бұрын мен Қазақстан Республикасында "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы жаңа заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп өткізуге болады. Осы заң қоғамдық саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын, - деді президент.

Өзгелердің жаңалығы