Пандемияға қарамастан несиелеуді қарқынды жүргізген банктер анықталды

12 Ақпан 2021, 13:37
1474
Бөлісу:
Пандемияға қарамастан несиелеуді қарқынды жүргізген банктер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронакризиске қарамастан өткен жылы қазақстандық банктердің кейбірі белсенділіктерін жоғалтпаған, деп жазды ranking.kz.

Жыл басында екінші деңгейлі банктердің ссудалық портфелі 15,79 трлн теңгені құраған. Оның айлық өсімі 1,1%, жылдық өсімі - 7,1%. Өсу көрсеткішінің қарқыны инфляциялық кқрсеткіштермен сай келеді.

Алайда өткен жыл көптеген банктердің жағдайына кері әсер еткен. Ссудалық портфелдің өсімі тек 26 екінші деңгейлі банктің 14-де ғана өсім көрсеткен. Олардың ішінде көш бастап тұрған Bank RBK. Қаржылық институттың ссудалық портфелінің өсімі 43,9% құрап, 590,2 млрд теңгеге жеткен. 

Тек желтоқсан айында банке тағы 12,7% қосқан. Банк тұрғындар мен бизнесті несиелеуді өз ресурстарымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында да жүзеге асырады. Алғашқы үштікке одан бөлек жеңілдетілген ипотекалық несиелеуді жүзеге асыратын Отбасы банк (жылдық ссудалық портфелінің өсімі 28,1%) және ресейлік еншілес банк - Сбербанк (жылдық ссудалық портфельдің өсімі 24,1%) кірді.


Өзгелердің жаңалығы