Пандемия кезінде дәрігерлермен алдыңғы шепте болды. Тоғжанов ұстаздарға алғыс білдірді

19 Тамыз 2022, 11:37
1603
Бөлісу:
Пандемия кезінде дәрігерлермен алдыңғы шепте болды. Тоғжанов ұстаздарға алғыс білдірді

Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ұстаздарға алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пандемияның қиын кезеңдерін өздеріңізбен бірге өткіздік. Бір-біріңізді сағынып та қалған шығарсыздар деп ойлаймын. Бүгін 1200-ден астам әр өңірден педагог қауымы бас қосып отыр. Үш жыл араға салып, ауқымды конференциямызды өткізіп отырмыз. Бәріміз онлайн режимде жұмыс істеп үйреніп алдық. Ол күн тәртібіндегі уақыттың талабы болды. Барлықтарыңызды дәстүрлі іс-шараның ашылуымен құттықтаймын! – деді педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.

Сондай-ақ ол баланың дамуы және оның мүдделері – басты құндылық екенін айтты.

Үкімет жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне ерекше баса назар аударып отыр. Бұл міндетті атқаруда адамның азамат болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратын ұстаздардың еңбегі ерекше екенін атап өткім келеді. Ұстаздар қауымына саналы қоғам қалыптастыру жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Пандемия кезінде бәріміз балаларымыздың жанынан ешқайда кете алмадық. Сол коронавирус күшейген тұста дәрігерлеріміз алдыңғы шепте болса, олардың қатарында ұстаздарымыз да болды, – деді Тоғжанов. 

Өзгелердің жаңалығы