Пандемия ЕАЭО-ның азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпеген

4 Ақпан 2021, 20:19
1188
Бөлісу:
Пандемия ЕАЭО-ның азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі Артак Камалян коронавирус пандемиясы ЕАЭО елдерінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпегенін мәлімдеді.

Біз өз-өзімізді қамтамасыз етуге қауқарлымыз. Азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігіне пандемияның әсері көп болған жоқ. Былтырғы жыл секілді биыл да ЕАЭО-ның барлық тауар топтары бойынша өзімізді толық көлемде қамтамасыз етеміз. Оған импортқа тәуелді жемістер мен жидектер кірмейді, - деді Артак Камалян.
Оның айтуынша, бұл мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, даму стратегиясында азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырудың жалпы қағидаттары мен тәсілдері бойынша бағыттар бар.
Биылғы жылы ауа-райы қолайсыздығынан қант қызылшасымен  мәселелер туындады.Дегенмен қор жеткілікті. Біз өзімізді қантпен қамтамасыз етсек те, қарап отыра алмаймыз. Бірақ қант қызылшасының тұқымын импорттау тұрғысынан қарасақ жағдай керісінше. Біз тұқымның 70 пайызын импорттаймыз. Шамамен жүгері тұқымымен бірдей. Бұл жағдайда тәуелсіз болу әрі импортты азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді одақтың Алқа мүшесі.

Ботагөз Жақиянова

Өзгелердің жаңалығы