Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚР елшісі Пан Ги Мунге мерейтойлық медаль табыстады

5 Наурыз 2019, 08:55
2089
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Бақыт Дүйсенбаев БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунге ҚР Тәуелсіздік күніне орай мерейтойлық медаль табыстады.

Кездесуде Бақыт Дүйсенбаев Пан Ги Мунның Қазақстан мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынастың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне мен тұрақты диалогтың дамуына тоқталды.

Пан Ги Мун жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қарусыздану саласындағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы, оның ішінде БҰҰ-дағы белсенді қызметін жоғары бағалады.

 

Өзгелердің жаңалығы