Пәкістандағы газ жарылысы: 13 адам қаза тапты

Пәкістандағы бұл қайғылы жағдай жыл басынан бері орын алған жетінші газ жарылысы болып отыр.

 REUTERS/Akhtar Soomro Бүгiн 2026, 04:27
Бүгiн 2026, 04:27
670
Фото: REUTERS/Akhtar Soomro

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында газ баллонының жарылуынан көпқабатты тұрғын үй құлап, кем дегенде 13 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен жеті бала, оның ішінде екі жасар сәби бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Жарылыс Солгер базарындағы кешеннің бірінші қабатында болды. Құтқарушылар үйінділерден ондаған зардап шеккендерді алып шықты, алайда әлі де адамдар қоқыстар астында болуы мүмкін.

Қала полициясы оқиғаның себептерін зерттеп жатыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қылмыстық әрекеттің алғашқы белгілері анықталмаған.

Пәкістандағы бұл қайғылы жағдай жыл басынан бері орын алған жетінші газ жарылысы болып отыр.

Наверх