Пәкістанда теракт болды

31 Шілде 2023, 08:42
594
Бөлісу:
Пәкістанда теракт болды
Фото: bbc.com

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы теракт кезінде 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс елдің коалициялық Үкіметі серіктестерінің бірі Улем ислам қоғамының (JUI-F) конгресі өткізілген ғимаратта болған.

Шабуыл үшін жауапкершілікті әлі ешкім өз мойнына алған жоқ. Жарылыс салдарынан 35 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.

Улем ислам қоғамының конгресіне 500-ден астам делегат қатысқан.

Қақтығыстар мен қауіпсіздікті зерттеу институтының статистикасына сәйкес, жыл басынан бері Пәкістандағы теракт саны 79 пайызға өсті.

Өзгелердің жаңалығы