Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы Жансель Дениз Исламабадта өткен «Pakistan Open International Taekwondo (G-1)» халықаралық турнирінде алтын алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалпы G-1 дәрежесіндегі сайыста түрлі елдер 500-ден астам атлет қатысып, 16 жиынтық медаль ойнатылды.
Армия спортшысы кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдің рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді, – деді Орталық армия спорт клубы төрағасының орынбасары – Штаттық команданы даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсенов.Сайыс өткен елден бөлек, турнирге Ауғанстан, Албания, Непал, Иордания, Қазақстан, Оман, Мысыр, Иран, Түркия, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Сальвадор, Хорватияның үздік спортшылары қатысты.