Пәкістанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбаттап кетті

3 Шілде 2022, 20:08
1050
Бөлісу:
Пәкістанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбаттап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қымбатшылық Пәкістанды да қысып тұр. Тұрғындар алдағы Құрбан байрам мерекесіне құрбандыққа мал сатып ала алмай әлек.

 Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлайды. 

Елде рупий құнсызданып, инфляция 21,3 процентке шарықтап кетті. Бұл соңғы 13 жылда болмаған көрсеткіш.

 Қарапайым халықтың күнделікті азық-түлік алуға шамасы жетпейді. Ал жанармай құны мамыр айынан бері 90 процентке аспандап кеткен. 

Сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, өсім алдағы уақытта да жалғасатын болады. 

Умар Фарук, саудагер: 

Малдың бағасы аспандап тұр. Көліктің шығыны, жанармай, дизельді отын – бәрі қымбат. Өткен жылы 220 мың рупийге сатылған мал, биыл 420 мың рупий тұрады. Қымбатшылық инфляцияның өсуімен байланысты,- дйді.

Өзгелердің жаңалығы