Пәкістанда ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі өтеді

1 Наурыз 2022, 16:57
2084
Бөлісу:
Пәкістанда ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Саджад Ахмед Сихар елордалық бірнеше журналиспен кездесіп, сұхбат берді.

Дипломат кездесу кезінде 22-23 наурызда Исламабадта ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 48-ші отырысы өтетінін хабарлады. 

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 22-23 наурызда Исламабадта өтетін ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 48-ші отырысына қатысуын ресми түрде растады. ИЫҰ СІМК отырысы Пәкістан Тәуелсіздігінің 75 жылдығын тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр, - деп айтты Саджад Ахмед Сихар.

Оның сөзінше, кеңеске қатысатын Сыртқы істер министрлері «Пәкістан күні» шеруіне құрметті қонақ ретінде қатысады. Елші Қазақстанның 2021 жылғы 19 желтоқсанда Исламабадта өткен ИЫҰ СІМК кезектен тыс сессиясына белсенді қатысқанын атап өтті. 

Қазақстан ИЫҰ СІМК кезектен тыс сессиясына белсенді қатысып, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге күш салды. Пәкістан Исламның мәңгілік қағидаттарына - достық пен бауырластыққа әлі де берік. Мұсылман мемлекеттері арасындағы түсінік пен ынтымақтастықты ілгерілету біздің сыртқы саясатымыздың іргелі негізі ғана емес, сондай-ақ сенім қағидаттарының бірі. Бұл көзқарастың нұсқауларын Пәкістанның басқа Ислам мемлекеттеріне қатысты саясатын тұрақты достық пен ізгі ниетке негізделген деп сипаттаған Пәкістанның негізін қалаушы Мұхаммед Әли Джинна енгізді, - деп айтты дипломат кездесуде.

Саджад Ахмед Сихар 2022 жылғы 22-23 наурызда Исламабадта СІМК-нің 48-ші сессиясын өткізу Пәкістан үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Бұл кездесу Пәкістан Тәуелсіздігінің 75 жылдық мерейтойымен сәйкес келеді. 

Ислам әлемі көптеген сынаққа тап болып отыр. Палестина халқы және Үндістан заңсыз оккупациялаған Джамму мен Кашмир халқы әлі де өзін-өзі анықтау құқығынан айырылған. Исламофобия мен жеккөрушіліктің күшейіп келе жатқаны әлемнің көптеген бөлігіндегі мұсылман қауымдастықтарға қауіп төндіреді. Біздің миллиондаған Ауған бауырымыз қиын жағдайға тап болды және аштық пен аурудың әсерінен оларды белгісіз болашақ күтіп тұр, - деп айтты ол.

Елшінің айтуынша, 48-ші сессиясының тақырыбы – «Бірлік, Әділеттілік және даму жолындағы серіктестік». Біз бүкіл ислам әлемінде серіктестік орнатуға және үмбеттің алдында тұрған көптеген мәселені шешу үшін тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

48-ші сессияның алдында тұрған сұрақтар тізімі кең және алуан түрлі. Біздің пікірталастарымыз бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық даму, мәдени және ғылыми ынтымақтастық, ИЫҰ рөлін жандандыру және т.б. мәселелерді қамтиды. Бұл кездесу сондай-ақ Ауғанстандағы гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін 17-ші кезектен тыс сессия барысында қабылданған шешімдерді қорытындылауға және қайта қарауға мүмкіндік береді. Пәкістан ИЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттермен ұжымдық міндеттерді іске асыру бағытында жұмыс істеуді жалғастырады және Исламдық татуластық пен ынтымақтастық байланыстарын одан әрі нығайту үшін нақты қадамдар жасайды, - деді Саджад Ахмед Сихар.

Ол СІМК-нің 48-ші сессиясы бірлескен Ислам болашағын қалыптастыру жөніндегі маңызды тарихи кездесу болатынына сенім білдірді. Сөз соңында Пәкістан мұсылман әлемінің бірлігіне, бауырластығына және өркендеуіне бағытталған барлық күш-жігерді қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы