Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда. IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.