Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәкістан билігі 64 миллион доллардан асатын есірткі контрабандасын тоқтатты

26 Қазан 2025, 16:55
757
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында Федералдық салық басқармасының (FBR) қызметкерлері есірткінің ірі партиясын шекарадан өткізбек болған әрекетті әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

Тәркіленген тыйым салынған заттардың құны 18 миллиард пәкістандық рупийден асады, бұл шамамен 64 миллион АҚШ долларына тең, 

FBR-дың кедендік бақылау бөлімінің мәліметінше, операция Ауғанстан шекарасына жақын Ношки ауданында жүргізілген. Далалық инспекторлар (FEU) күдік тудырған жүк көлігін тоқтатқан. Көлікті мұқият тексеру кезінде оның жанармай багынан есірткі жасырылған қораптар табылған.

Тінту барысында ведомство қызметкерлері шамамен 300 килограмм кристалды метамфетамин тәркілеген. Контрабандаға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, тергеуге жеткізілді.

FBR мәлімдеуінше, бұл операция трансшекаралық контрабанда мен халықаралық есірткі желілеріне қарсы кең ауқымды науқанның бір бөлігі. Бұл желілер Белуджистанның таулы және қиын жолдарын есірткі тасымалы үшін пайдаланып келген.

Пәкістан құқық қорғау органдары есірткі трафигімен айналысатын қылмыстық топтардың жолын кесу мақсатында негізгі бағыттарда бақылауды күшейте беретінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы