Пәк қыздардың тізімі. Министрлік тексеру қорытындысы туралы айтты

6 Мамыр 2024, 15:00
1802
Бөлісу:
Пәк қыздардың тізімі. Министрлік тексеру қорытындысы туралы айтты
Фото: Арман Мухатов - Архив

Цифрлық даму министрлігі "пәк қыздардың тізімін" таратқандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде дербес деректерді тарату бойынша орын алған жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін ЖОО-ға сұрау салды. ЖОО ұсынған жауапқа сәйкес, университетпен шарт негізінде әрекет ететін медициналық ұйымның қызметкері 2024 жылғы 6 ақпанда WhatsApp арқылы флюорографиялық зерттеуден өту үшін студенттер тізімі бар Excel форматындағы құжаттарды жіберген, онда студенттердің ТАӘ-нен басқа, медицина қызметкерінің құпиясына жататын мәліметтер қамтылған, - деп мәлімдеді министрлік.

Бүгінгі таңда министрліктің атына жеке деректері тізімде болған азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

Алматы қаласының полиция департаменті Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады, оның шеңберінде министрлік қызметкерлері маман ретінде тартылды, оның қорытындысы бойынша Университеттің іс-әрекеттері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынылды. Қылмыстық істің қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактілері болмаған жағдайда министрлік әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарайтын болады, - деді ведомство.

Өзгелердің жаңалығы