Алматы, BAQ.KZ. Күдікті ерлі-зайыпты қаланың төменгі бөлігінде орналасқан “Алтай” ықшамауданында тұрады және үй өсімдіктерімен қатар пәтерінде қарасораның есірткі түрін өсірген. Бұл туралы Алматы ПД хабарлады.
Үй иесінің айтуынша, ол марихуананы жеке тұтыну үшін өсірген, бірақ сараптама оның денесінде есірткіге сәйкес заттардың барын көрсетпеген. Дегенмен онымен бірге тұратын әйелден анықталған.
Ол 1968 жылы туған Б.есімді тұрғын. Басында кез-келген есірткі затын тұтынбағанын айтқан болатын. Есірткі қолданғаны үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, С. есімді ер адам үй иесі болғандықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің үйінен тек құмырада өсетін сегіз қарасора табылды. Барлық заттай айғақтар тәркіленіп, тиісті сараптамаға тапсырылды. Ұсталғандардың ешқайсысында тұрақты жұмыс жоқ. Әйел бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған, – дейді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ерлан Аянбаев.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық заңнаманы бұзудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.